«Жанерке»бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

| Мекеменің атауы | «Жанерке»бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
| Мекен-жайы | Құлан ауылы, Күншуақ көшесі 7 |
| Мекеме басшысының аты- жөні | Досжанова Жанна Батырбековна |
| Білімі, басшы лауазымындағы еңбек өтілі | Жоғары |
| Мекеменің пайдалануға берілген жылы | 2011 жылы |
| Ғимарат типі | Ыңғайластырылған |
| Жобалық қуаты | 50 орын |
| Күрделі жөндеуден өткен мерзімі | Өткен жоқ |
| Жылу жүйесі | Газ |
| Оқыту тілі | Қазақ |
| Педагогтардың сапалық құрамы | 7 педагог |
| Тәрбиеленушілер контингенті | 50 |
«Жанерке»бөбекжай-бақшасы» Құлан ауылы, Күншуақ көшесі 7 үйде орналасқан. Бір қабатты ғимаратта жас ерекшеліктеріне қарай жабдықталған бөлмелер, жасыл алаңындағы әткеншектер, рольдік ойындарға арналған жаппасы, сырғанақтар, күнге қыздырынуға арналған құм бар. Біздің ұжымда өз ісіне шебер, арнаулы білімі бар, шығармашылық тәрбиешілер, ұқыпты тәрбиеші көмекшілері мен медбике және де дәмді ас даярлайтын аспазшы бар.
Біздің басты мақсатымыз бөбектерімізді жан жақты дамыту. Бөбекжай-бақшада балаларды өз бойындағы адами қасиеттерді бағалауға , оқу-білімге деген құштарлығын ашуға, өз бетінше жұмыс атқаруға үйретеді. Білім беру барысында мына қағидалар арқылы жұмыс жасаймыз.Баланың әлеуметтік-эмоцияналдық денсаулығына баса назар аудару. Баланың өзін-өзі көрсетуіне, талабын ашуға психологиялық мәселелерінің дер кезінде шешімін табуға толықтай жағдай жасаймыз. Біздің бөбекжай-бақшаға балаңызды сеніп тапсыруыңыз арқылы , Сіз өз бөбегіңізге жанұя жылуын, белсенді-қызықты күн, жақсы көңіл-күй, пайдалы тағамдар сыйлайсыз.
Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!
